Myvideo

Guest

Login

Орталы референдум комиссиясы

Uploaded By: Myvideo
3,242 views
0
0 votes
0

Құрметті қазақстандықтар! 2022 жылғы 5 маусымда Президенттің Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Референдумға қатысу құқығына он сегіз жасқа толған Республика азаматтары ие. Референдум азаматтардың өз ықтиярымен қатысу, еркін ашық білдіру, сондай-ақ жалпыға бірдей, тең, төте және жасырын дауыс беру принциптері бойынша өткізіледі. Референдумға «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал шығарылып отыр. Сіздің таңдауыңыз маңызды!

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later