«WELCOME TO АУЫЛ» АҚШ-тағы Арманның отбасы жолға дайындалуда. Ұзақ дайындалған сән көрсетілімі «срыв» болатынын білген Аида көңілсіз. Арман барынша жағынып, «барамыз да тез қайтамыз» деп уәде береді. Алан Джессика құрбысымен хат-хабар алмасып тұрамыз деп қимай қоштасады. Ал ауылда Науат апа қыздары мен күйеу балаларын жинап, аз уақытқа қыдырып келетін шетелдік қонақтарды ебін тауып осында қалуға көндіру керектігін айтады. Олар апаның мұндай астыртын жоспарына күмәнмен қарайды. Үш бажа әуежайда Арманды отбасымен күтіп алады. Сағынып көрісу. Кіші бажа Мұқаш әуежайдағы киоскадан бір зат алып жатып, корзинадағы Дэйзиден (кішкентай ит) көз жазып қалады. Ол жайлы барлығы үйге келгенде бір-ақ біледі. Ауылдағылар үшін кішкентай иттің жоғалғаны соншалықты қайғыратын оқиға болмаса да, шетелдік қонақтар үшін бұл ауыр соққы болады. Онсыз да көңіл-күйсіз келген Аиданың қабағы ашылмаған күйі, ауылдағы бірінші күндері өтеді. Науат апа шашу шашып, керемет дастархан жайып, үлкен бір қуанышқа бөлейді деген кездесу осылай жайсыздау аяқталады. Алан өзінің бөлмесіне кіріп, Джессикамен скайп арқылы сөйлеседі. Аман-есен жеткендірін айтып, Дэйзидің жоғалып кеткенін және т.б. бүгін болған оқиғаларды айтып береді.
Hide player controls
Hide resume playing