Мамлют ауданындағы Новомихайловка селосында полиция бекеті және оған біріктірілген қызметтік үй салынбақ. Баспана кілті учаскелік инспекторға табысталатын болады. Мамлют ауданына жұмыс сапарымен барған полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев жұмыс жоспарымен танысты. Сондай-ақ, тұрғындарды қабылдау өткізіп, қазіргі күні кең етек алған интернет-алаяқтықтан сақтану туралы баяндады.
Hide player controls
Hide resume playing