Қазақтың соңғы Ханы - КЕНЕСАРЫ Кенесары 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген.Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлы он жылға (1837-1847) созылған ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі болды. Атасы Абылай ханның тұсында жасалған келісімдердің бұзылғанына наразылық білдіріп, патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы соғысты.Парасатты әмірші, әскери өнерді жетік меңгерген қолбасшы, жаужүрек батыр ғана емес, ғажайып дипломат ретінде тарихта қалды. Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі КенесарыҚасымұлы Оның отыз ұлы болған. Абылайдың әйелі Топыш ханым - қалмақ ханы Қалдан-Сереннің туысы, Хошу мерген ноянның қызы. Одан Қамбар мен Қасым сұлтан туады. Қасымның бәйбішесі Айкүмістен: Кенесары, Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай мен Бопай. Ал Кенесарының інісі Наурызбай Қасым сұлтанның екінші әйелінен өмірге келген.Ал бойындағы ерлік қасиеттері, бірбеткейлігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы, дүлей күш-жігері мен жетекшілік қабілеті бірден көзге түсті.Абылай хан ұрпақтары Кенесарыға дейін ұлт-азаттық көтеріліске талай рет шыққан. Себебі Ресей империясы бұрынғы келісімдерді сақтамай, отарлау саясатын күшейте түсті. Хандық құрылымды, дәстүрлі билік үлгілерін жоюға, қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне кіргізуге тырысты. Ақтау, Ақмола, Қызылжар мен Көкшетауда әскери бекіністер салынды. Солтүстік, Шығыс Қазақстанда суы мен жайылымы мол Ертіс, Есіл өзендерінің бойындағы жерлер біртіндеп орыс-казак шаруаларына таратылды. Ал жергілікті халыққа алым-салық салынды. 1837 жылдың соңында І Николай патшаға да хат жіберген. “Сіздің арғы бабаларыңыз, ал бізде менің атам Абылай патшалық құрған уақытта халық бейбіт және тыныш жағдайда өмір сүрді, оны ешкім бұзған емес. Екі жақ та өзара сауда жасады; біздің жұртымызға ешқандай да салық салынған жоқ. Ал одан кейінгі мезгілде бәрі өзгерді, біздің халқымыздан салық жинала бастады, оларға басқа да түрлі қитұрқы әрекеттер жасалынды. Бұрынғы жасалынған бейбіт келісімді бұзып, Сіздің төменгі қарауыңыздағы басшыларыңыз бүкіл қазақ халқы Ресей бодандығына қарады деп жалған көрсетті, соның салдарынан менің Абылай атама қарасты жерлерде сегіз дуан орнады. Бұл біздің халқымыз үшін өте қайғылы жағдай, әсіресе оған салықтың салынуы өкінішті-ақ. Сондықтан да біздің бүтін қазақ халқымыз таршылық көрмей, тыныш өмір сүрсе екен деп, ұлы мәртебелім, Сізге өтініш айтуға өзімді бақытты санап, біздің халқымызды сол бұрынғы күйінде қалдырып, даламызда орналасқан сегіз округтік дуандар мен өзге де мекеме -леріңізді жоюыңызды сұраймын“, - деп жазды Кенесары.Алайда сұлтанның заңды талап-тілегі орындалмады. Содан Кенесары ту ұстап, тұлпар мініп, қол бастады.Ал Кенесарының өзі ұландары арасында шексіз беделді болған. Олар оған құдайдай құлшынатын, бірақ жетесіз кеткендерді де аямайтын, өлім жазасына кесті.“Жаумен кескілескен айқастарда ұран салып, айбалтасы жарқылдап, соғысқа бірінші кіретін. Бұл жігіттерге сенім беретін, оның көптеген бастамасының баянды болуына негіз қалайтын... Одан тек қырғыздар ғана емес, тіпті өздерінің қоныстарының шебінде отырған орыстар да Кенесарының батыл шапқыншылығынан сескенетін... “, - дейді саяхатшы.Орыс тарихшысы Николай Середа Кенесарының батыл мінезін былай суреттейді: “Оның рухы дем берген жауынгерлерге еуропалық әскер қолбасшыларының өзі қызығар еді. Жортуылда жолындағының бәрін жайпайтын дала дауылындай екпінді де тегеурінді Кенесары хан ешбір бөгет алдында кідірмейтін, қайта кездескен кедергі оның қайрат-жігерін жанып, шамырқандыра түсіп, көздеген мақсат жолындағы тосқауылдарды талқандар керемет күш бітіріп, одан сайын өршелендіріп жіберетін. Кенесарының бойындағы күллі осындай қасиеттерді көшпенділер биік бағалап, оның қаракет-қимылына қатысушылардың жүрегі басшысына деген шексіз сүйіспеншілікпен соғып, жанын пида етуге дейін барғызады“.Кенесарыны қалай өлтірген 1847 жылы қырғыз жеріне басып кіреді Өз жақтастары ішіндегі опасыздық салдарынан Кенесары қоршауға түсті. Оның қасында бір мыңдай қазақ, 500 мылтық қалды. Кекіліктің Сеңгір деген жерінде қырғыздар Кенесарыны қамап, таудан аққан бұлақтың басын бұрып жіберді. Осылайша, қамауда қалған қазақтарды сусыз қалдырды. Сонда да қазақтар үш күн бойы соғысты. Ақыры аты да, адамы да болдырып, титығы құрып, қолға түскен. 1847 жылы Қырғызстанның Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік-Сеңгір аңғарында Кенесары ханды айуандықпен өлтірген. Жаулары оның басын кесіп алып, орыс әкімшілігіне жіберді. Ал князь Горчаков Кенесарының басын Батыс Сібір бас басқармасындағы “Кенесары бүлігі туралы“ іске қосып, сақтауға бұйрық берді
Hide player controls
Hide resume playing