Myvideo

Guest

Login

Екі турист здан лап, біреуі оиа орнында жан тапсырды

Uploaded By: Myvideo
26 views
0
0 votes
0

Сайрам су шатқалына демалуға барған екі кісі құздан құлап, әйел адам оқиға орнында жан тапсырған. Ал ер адамның жағдайы ауыр, қабырғасы сынып, дене мүшелері үсіп қалған, тыныс алуы қиын. Оқыс жағдай Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы “Сайрам-Өгем“ Ұлттық паркінің аумағында болған. Бес турист кешкі уақытта теңіз деңгейінен 4236 шақырым биікте орналасқан «Сайрам» мұздығына қарай көтерілген. Олар жолда таудан түсіп келе жатқан өзге топты көріп, көмектесуін сұрапты. Айтуларынша, 1978 жылғы ер адам және 1981 жылғы әйел адам шатқалдан құлап кеткен. Оқиға орнына дереу құтқарушылар жіберіліпті. Жазғы кемпингке машинамен жеткен мамандар ары қарай жаяу көтеріліп, 3500 метр биіктікте 1978 жылы туған ер адамды, арада бір сағат өткеннен кейін шатқалдан құлаған әйел адамның мәйітін тапты. Марқұмды альпинистік жабдықтардың көмегімен алып шығыпты.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later