Электроэнергетика факультетінің 2 курс студенті – Турсын Балжан. Алматы қаласынан,19 жаста. Кітап оқығанды ұнатады, соңғы оқығаны –Дэвид Робертстың «Шантарамы». «Гарри Поттердің» фанаты, кумирі де сол ғажайыпқа толы ертегінің авторы – Джоан Роулинг. Қатысушымыз: «Мерекелік іс-шараларды көп ұйымдастырып көрдім, ал енді сахнада өзімді сынағым келеді», - дейді. Кішіпейіл, ақкөңіл, жауапкершілігі мол Балжан, «Неге өзіңізді “АЭжБУ Аруы” атағына лайықтымын деп есептейсіз?» деген сұраққа: «Я активистка, спортсменка, красавица», - деп әзілдеп қояды. Арманы - Барселонаға барып, саяхаттау. Басты қасиеттері – адалдық, мейірімділік.
Hide player controls
Hide resume playing