Ит адамның досы. Бұл ұғым үлкен мен кішіге бесенеден белгілі. Бірақ, иттер тек үй күзетіп, шектеулі қызметтерге ғана жарамайды. Олар адам денсаулығын арттыруға, сырқаттан айықтыруға да қауқарлы. Мұны аймаққа белгілі жерлесіміз, “100 Жаңа есім“ жобасының жеңімпазы Ерлан Күмісқалиев жақсы біледі.Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 “D“ сыныбының оқушысы Қайыржанов Әмірхан республикалық “Зерде“ оқушылардың ғылыми-зерттеу байқауына қатысуда. Аталған білімділер додасында ол, иттердің көмегімен денсаулығында ақауы бар балаларды оңалту, емдеу және өмірге бейімдеу тақырыбында ғылыми еңбегін қорғайтын болады. Байқауға дайындық барысында Әміржан, Ерлан Күмісқалиевтың асырауындағы Федя есімді төрт аяқты досымен танысты. Алдымен оқушымыз Федяның канистерапия процессесін қалай өткізетінін өз көзімен бақылады. Ерлан Күмісқалиевке сұрақтар қойды, білімін толықтырды. Одан соң Әміржан иттің емдеу әдісін өзіне сынап, кейін қандай әсер алғандығы жөнінде айтып берді.
Hide player controls
Hide resume playing