«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра!». Бүгін жас өрендер қаланың белгілі ойын-сауық орталығын күй күмбіріне бөледі. Анығында, 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушылары дәстүрлі домбыра флешмобын өткізді. Мұнда Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей сынды даңқты күй шеберлерінің туындылары орындалды. Зияткерлік мектептің отызға жуық оқушысы бір мезгілде бірнеше күй тартып, атыраулықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл жолғы дәстүрлі флешмобтың тың ерекшелігі сол - күй шертуге тек оқушылар ғана емес, ата-аналар мен ұстаздар да ниет білдіріпті. Ұлттық құндылықты ұлықтауға атсалысқандарға жиылғандар да дән разы. Айта кету керек, бұл шара республиканың түкпір-түкпірінде ұйымдастырылды. Сайт - online - facebook - VK - Instagram - Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://i
Hide player controls
Hide resume playing