Петропавлда облыстық футбол федерациясы президентінің бастамасымен тұңғыш рет балалар лигасы құрылды. Жарыстың салтанатты ашылуына қала әкімінің орынбасары әрі федерацияның вице-президенті Евгений Глотов қатысты. Биыл алғашқы турнирде 2010-2011 жылдары туған балалар бақ сынайды. Барлығы 7 команда. Ойындар нөмірі 20-шы мектептің футбол алаңында жоспарланған. Бірінші матчта «Авангард» құрамасына «Юниор-2» командасы қарсылас атанды. Футболда алғашқы қадамдарын жасауға келгендерді ата-аналары қолдауға келді. Жасыл алаңда қызу тартысты ойын өтті. Дегенмен, есепте басым түскен «Авангард» командасы жеңіске жетті. -Мен футболмен 3 жыл бойы айналысам. Қарсылас қақпасына 3 гол салдым. -Маған футбол ұнайды. Шабуылшы позициясында ойнаймын. Болашақта танымал болғым келеді. Бұл турнир болашақ футболистер үшін бірінші. Лига аясында әр құрама өзара ойнап, мықтыны анықтамақ.
Hide player controls
Hide resume playing