Рөлдерде: Қасым Жәкібаев, Галина Макарова, Кеңес Нұрланов, Анна Тараканова, Виктор Бутаков, Пётр Юрченков Жалған дүниеде туған жеріңді бір көруге зар болудан артық азап жоқ шығар, сірә. Фильм 1991 жылы Жүсіпбек Қорғасбектің «Жансебіл» әңгімесінің желісі бойынша түсірілген. Туындыда соғыс нәубеті мен Сталиндік қуғын-сүргінді бастарынан кешірсе де, жақсылықтан үмітін үзбеген қос қарттың өмірі суреттеледі. Фильмнің бас кейіпкері қос аяғынан айырылса да, әр күн сайын арбасын сүйретіп теміржол вокзалына келіп, туып өскен жеріне, туған өлкесіне баратын адам іздейді. Кеудесінен соңғы демі шыққанша туған жерін аңсаумен өтеді. Шалының бұл қырсықта, қайғылы жағдайына аса бір үлкен адамдық сабырлықпен қарап, қмірінің әрбір қиын сәтінде жанында болған кемпірінің қылықтары адамды еріксіз қайран қалдырады.
Hide player controls
Hide resume playing