🎉🎉Жаңа жыл – жүрегімізге аппақ армандар ұялататын ғажайып мереке. Жайқалған әдемі шырша. Жақындарымыз үшін шынайы тілектер. Жарқын күлкі мен бақытты сәттер! 🎉🎉 Жаңа жылды естен кетпес сиқырлы дәммен қарсы ал! Алан Черкасов («Үздік мейрамxана“ жобасының жүргізушісі) және Сергей Мазур (“Вкусно за 500“ телешоуының жүргізушісі) дәмі тіл үйірер тауық кәуаптарын дайындайды. Игорь Сахар ( “Гастроэнтузиастар“ бағдарламасының жүргізушісі) және Қаршыға Омарова (“Сиқырлы ас үй“ телеарнасының жүргізушісі) өте жылдам дайындалатын мерекелік сүзбе бәлішін әзірлейді. Болат Срымов (“Гастроэнтузиастар“ жобасының жүргізушісі) және Талгат Акбергенов (бас аспаз және “Сиқырлы ас үй“ телеарнасының жүргізушісі) ерекше оливье салатын дайындап, жаңа жылдың лебін сездіреді. Барлығы “Сиқырлы ас үй“ телеарнасының көрермендерін құттықтау үшін мерекелік дастарқанға жиналады.
Hide player controls
Hide resume playing