Жаңа оқу жылында жаңа бастамалар. Елімізде алдағы үш жылда педагог мамандарды дайындауға 1,2 триллион теңге бөлінеді. Осылайша қоғамда мұғалімнің мәртебесін арттыру турасындағы шаралар әрі қарай жалғаса бермек. Ал, бүгінде мектептердегі орын тапшылығы 225 мыңға дейін жеткен. Президент жолдауында бұл мәселе де назардан тыс қалмайды деді. Мемлекет басшысы сала басшыларына 2025 жылға қарай елде судай жаңа мың мектеп салу міндетін қойды, деп хабарлайды . Пандемия салдарынан туындаған қашықтан оқыту тәсілі білім жүйесіндегі олқылықтардың бар екенін көрсетті. Осы ретте Президент телекоммуникациялық жүйелерді жетілдіруді тапсырды. «Пандемия кезіндегі қашықтықтан оқыту ұлттық телекоммуникациялық желі тиімділігінің қауқарсыз екенін көрсетіп отыр. Бұл – қарапайым базалық білімді толық меңгере алмаған оқушылар санының күрт өсуіне әкелді. Сонымен қатар, білімнің маңызын сезінбеген балалар оқуын тастап кетіп жатыр. Осы түйткілдің шешімін табуды үкіметке тапсырамын. Атап айтсақ, қашықтан оқытуға арналған ақпарат
Hide player controls
Hide resume playing