Қыз бен жігіт боп жүрген кезімізде 2006 жылы Бәйбішем /Жайна/ -Осы өлеңге ән жазып берші - деп, әннің мәтінін әкеліп берген еді. Оқып қарасам туған жері - Басқұдыққа деген сағынышы екен Қалқатайдың /ол кезде де атын атамай “Қалқатай“ деуші едім/. Әуені жазылған соң 2008 жылы Маралбек Битенов /інім/ жарыққа шығарып, жылдам тарап кетті. Ән шарықтап тарағанмен, авторлары беймәлім боп қала берді... Бұл қалыпты жағдай... Өнердің ҚИЫН жолында осы әннен бастау алған Маралбек бүгінде мәдениеттің ошағы саналатын Алматының үлкен сахналарында өнер көрсетіп жүр. Бәрекелді.... Айтайын дегенім, туған жерге деген сағыныштан пайда болатын ОСЫ секілді туынтыларды туған халқы, елі, жұрты танып білсе екен деймін. Өз перзентінің жүрегін жарып шыққан дүние кімге болса да ЫСТЫҚ деп ойлаймын. Біздің /Бәйбішем екеуіміздің/ тағдыр жолымыздың тоғысуынан пайда болған жалғыз бұл ӘН емес. Түрлі, көптеген әндер дүниеге келді, келе де береді... Алла бұйыртса... Тек әр ӘННІҢ өз тарихы, өз орындаушысы, өз тыңдарманы, өз уақыты бар.
Hide player controls
Hide resume playing