Myvideo

Guest

Login

Тарихи шешім таылымы

Uploaded By: Myvideo
105 views
0
0 votes
0

1997 жылы елдің ордасын Алатау баурайынан арқаның төсіне көшіру шешімі көптің батасын ала қоймағанын елбасының өзі де талай айтып жүр. Бірақ бүгінде бұл шешім өзінің тарихи бағасын алды деуге толық негіз бар. Неге тарихи шешім? Жалпы елдің астанасын көшіруге отыздан аса себеп болған екен. Айта кету керек, бұл атырапта қыпшақ қимақ замандарында Бозоқ қаласы батыс пен шығысты жалғаған жібек жолының арқа төсіндегі үлкен торабы еді. Кейініректе Қараөткел деп аталып, керуендер тоғысатын өлкеге айналды. Патша үкіметі Ақмоланы салған тұста қазақтың соңғы ханы Кенесарының отаршыларға қарсы күресі де осы Қараөткелдің төңірегінде өрбіді. Демек тәуелсіздігін алған мемлекеттің ордасы осында болмағанда қайда болады. Қараөткел қазақтың астанасы болып, жас ұрпақ білім алатын, елдік шешімдер қабылданатын орталық болады деп алаш көсемдерінің де аманаттап айтып кеткені кеше ғана емес пе еді? Бозақ, Қараөткел, Ақмола, Астана, Нұр-Сұлтан. Атауы алуан, тағдыры біреу. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later