Myvideo

Guest

Login

Алты жасар Алпамыс

Uploaded By: Myvideo
345 views
0
0 votes
0

Әліппесін құшақтап алып, ауыл балаларымен бірге мектепке барғысы келетін Алпамыс балақай туралы киноны көрмеген жан жоқ шығар. Бұл фильмді тамашалайтын кез келген жастағы көрермен балалық шағын еске түсіріп, әр көрген сайын фильм кейіпкерлерін жаңа қырынан танып отырады. Фильмнің жарыққа шыққанына қырық жылға жуық уақыт өтсе де, ол өз көрерменін жалықтырған емес. Себебі, «Алты жасар Алпамыс» («Алпамыс мектепке барады») өтіріктен аулақ, арамдық ада тұнық сезімдерге толы фильм. Кішкентай Алпамыс пен Қалихан бір ауылдың балалары, екеуі дос. Жасы жетіге келген Қалихан жаңа оқу жылы басталғанда мектепке барады, ал алты жастағы Алпамыс қалып қояды. Досының оқитынына қатты қызыққан оның бар арманы мектепке бару. Мектеп терезесінің алдына келіп, мұғалімнің іс-әрекетін бақылап, өтіп жатқан сабақты түсінуге тырысады. Ал досы Қалиханның сабаққа аса құлшынысы болмайды. Бірақ, ол досының алғырлығын алға тартып, оның мектепке баруына көмектеседі. Екі достың тілегі қабыл болып, алты жасар Алпамыс 1-сыныпқа қабылданады.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later