Жыл басынан бері облыста 2500 азамат банкроттығын жариялауға өтінім берген. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы Асқар Қамзаев мәлімдеді. БАҚ өкілдерімен кездескен маман соңғы 3 айда төлем қабілетсіздігін жариялағысы келетіндер саны 3 есе өскенін айтты. Бұл ретте өтініш берушілердің тек 16 пайызының құжаты қабылданған.
Hide player controls
Hide resume playing