Сирияның шығысында «ДАИШ»-тың бақылауындағы соңғы ауылдан 6500-ден астам адам көшірілді. Сонымен қатар, тағы жүздеген содыр қаруын тастап, Сирия демократиялық күштеріне, яғни, күрд отрядтарына берілген. Эвакуацияланған адамдардың көбі – әйелдер мен балалар. Олардың арасында өзбекстандық, түрікменстандық және тағы басқа шетелдік жиһадшылар мен олардың отбасы мүшелері бар. Күрд жасақтары бұл адамдарды елдің солтүстігіндегі әл-Хол деген жердегі лагерге жібереді.
Hide player controls
Hide resume playing