Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы мен Мысыр мәдениет орталығы арасындағы достық ежелден келе жатыр. Мұражай қабырғасында Мысыр Араб республикасының бірнеше көрмесі табыспен өткен болатын. Мысыр өнері өзінің ежелгі тарихымен бас айналдырып, талғампаз өнерімен өзіне тәнті етеді. Мысыр халқы дүниеде бірінші рет алып тас архитектурасын, реалистік мүсіндік портреттерді, тамаша көркем қолөнер бұйымдарын жасады. Ежелгі Мысыр папирус қағазында салмақты ойластырылған оқиғаға құрылған көрнекі әңгімелеу тәсілін ойлап тапты. Бұл өнер өзінің бірнеше мыңжылдық тарихында әлденеше рет терең мағыналы образдар тудырып, адам баласының қызығушылығын оятып қана қоймай, сонысымен өзіне тартып келеді.
Hide player controls
Hide resume playing