28 қыркүйекте Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА құрылымдарының басшыларымен және қаланың этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыруға Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысуы мәселелері, сондай-ақ өңірдегі этносаралық келісімді нығайту жөніндегі шаралар талқыланды.
Hide player controls
Hide resume playing