Әділетсіздіктен шаршаған оралман әйел: «Қайран Қытайым, елім деп еңіреп қалдым ғой…» Әлеуметтік желіде бір жыл бойына сеңделіп, бағып отырған малын жаюға 5 гектар жер ала алмай, әбден шаршаған оралман әйелдің видеосы пайда болды. Видеода Ақсеңгір (Жамбыл облысында, сол секілді Алматы облысында осындай ауыл бар) деген ауылдың тұрғыны Салиқа Айтақын 400 қойы бар екенін, оны жаюға жайылым жердің жоқтығын айтады. Жергілікті биліктен 5 гектар жер сұрап сенделгендеріне 1 жылдан аса уақыт өтіпті. Құжат бойынша 5 гектар жерге оның күйеуі Мұхаммед Рақым мен сол ауылдың тұрғыны Нұрқасым Алпамыс таласқа түскен екен. Бірақ, айналып келгенде, ол жер екеуіне де бұйырмай, малы да ол ауылға түк қатысы жоқ Марат деген татарға кете барған. Мұндай әділетсіздікке шыдамай шырылдап, түрлі мекеменің табалдырығын тоздырған бұл отбасыны „көшіп кетсе екен„ деген ниетте түрлі құзыретті органның өкілдері жан-жағынан түртпектеп жатқан көрінеді. Осыдан келіп ол: „Мұнда қағаз сөйлейді е
Hide player controls
Hide resume playing