Пах шіркін, не дейді! . . Арайна,билер,арайна, Арайна десем, болғай ма?! Арайнасыз әр қайда Ердің ісі оңғай ма?! Арайна болған Қазтуған, Қайғыланып сонда толғай ма?! Ел қияға қонғай ма? Еділ, Жайық арасы Кеңшілік қоныс болғай ма?! Ебей басты құба үлек Ернімен шырпы шалғай ма?! Бұл қоныста отырып, Біздің мұсылман баласы Жағасы босап тынғай ма?! Еділді қоныс етпеңіз, Жағалай қалмақ алады. Жайықты қоныс етпеңіз, Сыдыра біткен көкжиек, Кәпірлер қала салады. Аштарханды қоныс етпеңіз, Шәһәрін оның алады. Еділді алса - елді алар, Енді алмаған не қалар? Жайықты алса - жанды алар, Жанды алған соң не қалар? Ойылды алса - ойды алар, Ойлашы, сонда не қалар? Қара мауыты мұшақат Бүтін тоғай жерді алар. Жаз кіреге жақсы деп, Дулығалы нарды алар, Қыс кіреге жақсы деп, Шудасы қалың айырды алар. Сусынына шай алар, Шайнауына май алар. Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз, Қайран саланың жатқан аңғары-ай, Ақ шалмалы пірлердің Мешітке жаққан шамдары-ай! Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім Аузы түкті кәпірдің Күшті болған салдары-ай! Кәпірде
Hide player controls
Hide resume playing