23 маусым, яғни ертең, Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық балабақшаның жұмысы тоқтайды. Елорданың санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның бұл шешімі қалалық әкімдіктің ресми сайтында жарияланды. Бұған дейін балабақшаларда кезекші топтар жұмыс істеді. Онда тек 15 балаға дейін рұқсат етілген еді. Оның өзінде ата-анасының екеуі де жұмыста жүрген, баратын жері жоқ балалар. Эпидемиологиялық жағдайды және тәрбиешілердің COVID-19 жұқтыру фактілерін ескере отырып, мектепке дейінгі мекемелерді жабу туралы шешім қабылданды. Егер кішкентайларды қалдыратын ешкім болмаса, ата-аналардың бірі қашықтан жұмыс режиміне ауысуы керек. Балабақшалар жұмысының қайта жандануы қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing