Myvideo

Guest

Login

Оразаа 28 кн алды

Uploaded By: Myvideo
4 views
0
0 votes
0

БЫЛТЫРҒЫ ОРАЗАНЫҢ ҚАЗАСЫН ҚАЛАЙ ӨТЕЙМІЗ? Айша анамыз (р.а): «Менің мойнымда Рамазанның өтелмеген оразасы болатын. Мен оны Алла Елшісінен ﷺ босамауым себепті шағбанда ғана өтеуге мүмкіндік табатынмын», - деген. Ибн Хаджар (Алла оны рахымына алсын): «Бұл хадис қаза оразаны келесі Рамазанға жеткізбей өтеп үлгерудің абзал екендігін көрсетеді», - дейді. (Фатх әл-Бари, Т.4 – С.191) Демек, Рамазан айынан өтелмей қалған қазасы бар адамдар үшін дәл осы шағбан айы – сол олқылықтардың орнын толтыруға керемет мүмкіндік! Егер былтырғы Рамазанның қарызын ұстап үлгермеген болсаңыз, осы шағбан айында өтеп үлгеріңіз. Себебі, биылғы оразаның басталуына да бір-ақ ай уақыт қалды. Оразаның қарызын бірден ұстауға да, арасына күн салып, демалып ұстауға да болады! #шағбан #ораза #шағбанайы #Рамазан #Рамазан2018

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later