Жиында еліміздің әр аймағынан келген делегаттар партияның сайлау алдындағы бағдарламасын сарапқа салды. Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімін бекітті. Осыдан 3 жыл бұрын ел алдында абыройға ие «Әділет» пен «Руханият» партиясы бірігіп, «Бірлік» партиясының негізін қалады. Санаулы уақыт ішінде саяси ұйымға 50 мыңнан астам адам мүше болды. Енді, міне, еліміздегі ең жас саяси партия кезектен тыс съезд өткізіп, мерзімінен бұрын Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатындарын жариялады.
Hide player controls
Hide resume playing