Биыл Орал қаласында және облыс аудандарында жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін белсенді пайдалану арқылы спорт нысандарын салу, қызметін күшейту, жастарды жаппай спортқа тартуды қолға алу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. - Облыс бойынша 2016 жылы жалпы 55 спорт нысандары салынса, биылғы 9 айда 41 әр түрлі спорт алаңдары қолданысқа берілді. Атап айтсақ, биыл Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілсе, қараша айында Зеленов ауданы орталығы Переметное ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілуі жоспарлануда. Биыл Орал қаласында «Қолжетімді спорт» жобасы аясында 20 спорттық алаңқай құрылысы басталды. Оның ішінде 10 алаң - Орал қаласы әкімдігінің есебінен, 7 алаң - «Самұрық Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры есебінен, 3 алаң - «Street Workout» Қазақстан ассоциациясы есебінен салынуда. Қазіргі таңда «Самұрық Қазына Траст» қоры 4 спорттық алаңды және «Street Workout» қауымдастығы
Hide player controls
Hide resume playing