Таңғы сағат бес жарымда бала түгілі, үлкендердің оянуы қиын. Ал, еліміздегі көп саяжайда тұратын балалар осы мезгілде оянып, таңғы алты жарымда үйінен шығып, мектепке барады.Бір жарым шақырым жолды жаяу жүріп, сағат жетіден 20 минут өткенде жүретін автобусына отырып, мектебіне жетеді. Автобусқа отырғаннан кейін де олардың мектепке бару машақаты бітпейді. «Қысылып, бір-біріне соғылып барады, киімдері де жыртылады» деп ата-аналары ашынып отыр. Ал, жақында Алматы облысы, Іле ауданына қарасты, Көкжиек саяжайында тұратын оқушы, мектепке кетіп, қайтарында соққыға жығылған. «Қызымды автобуста, автобустан түскеннен кейін де сыныптасы теуіп, соққыға жықты, соның салдарынан ауруханаға жатып шықтық. Бірақ әлі денсаулығы түзелген жоқ» деп шағымданды. Дәл осы саяжайға көрші орналасқан Мерей саяжайы балалары мен олардың ата-аналарының жанайқайы да келесі бейнематериалда. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube - Facebook - https://w
Hide player controls
Hide resume playing