Фитотерапия – ежелгі емдеу әдістерінің бірі. Грек тілінен аударғанда шөптермен емдеу дегенді білдіреді. Ал, қазақтар бұл әдіспен ерте заманнан бері айналысып келеді. Оба, тұмау сынды жұқпалы ауруларды ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктердің көмегімен емдеген. Ал, қазір медицина дамыған уақытта да бұл үрдіс өз құндылығын жоғалтқан емес. Мәселен, Қытайдан басталып, әлемді дүрсілкіндірген Ковид-19 ауруына қарсы емнің бір түрі осы дәрілік өсімдіктерден табылып отыр. Осы орайда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары құрамында емдік шөптер бар коронавирусқа қарсы тұнба әзірледі. Бұл өнім қалай және қандай жағдайда жасалады?Бейнематериалдан көріңіз. #КазНУ #KazNU #Farabimedia
Hide player controls
Hide resume playing