🔸 #KZ Бүгін, 31 мамыр – ел тарихындағы ең азалы кезеңнің бірін еске алу күні. Өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы саяси қуғын-сүргін Кеңес Одағы дәуіріндегі миллиондаған азаматтың тағдырына таңба салды. Қазақстанда жүз мыңнан астам адам жазықсыз сотталып, оның төрттен бірі өлім жазасына кесілді. Төл шежіреміздегі қайғылы кезеңдерді ұлттық бірегейлігімізден бөле-жара қарау мүмкін емес. Сондықтан, біз саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, есімдерін мәңгі есте сақтаймыз. Сіздердің назарларыңызға «Қолдан жасалған қасірет» шағын деректі фильмін ұсынамыз. Сценарий авторы – Жандар Асан.
Hide player controls
Hide resume playing