Ахмад бин Ханбал мен Бұхаридің хадистер жинағында Әнас бин Мәликтен (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кім мені түсінде көрсе, оның түсі шынайы, себебі, шайтан менің кейпіме ене алмайды», – дейді.Сондай-ақ, тағы бір хадисте: «Кім мені көрсе, ояу кезінде көргендей болады», – дейді Алла Елшісі (ﷺ). Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) көрінуі, адамның рухани кемелдігіне байланысты. Салиқалы, тақуа, ізгі құлдар Пайғамбарымыздың нұрын анық көреді. Әлемнің нұры болған Пайғамбарымызды түсінде көргісі келген адам өзінің бұл қалауын жан тәнімен сезіне білуі қажет, Алладан қорқатын құлдардан болуы керек, сондай-ақ Жаратушы Иенің әмірін бұлжытпай орындауы және тыйым салынған нәрседен аулақ жүруі тиіс. Юсуф Набхани былай деп жазады: «Мен Алла елшісін (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) түсімде бір көруді қатты қаладым және ол үшін «Ықылас» сүресін 3000 рет оқып, Жаратушыға дұға еттім. Мен Оны түсімде асқақ, ұлы күйінде көрдім, тіпті сөзбен айт
Hide player controls
Hide resume playing