Коронавирус қаупіне байланысты балаларына қарау үшін үйінде отыруға мәжбүр ата-аналардың бірі ақылы еңбек демалысына жіберілуі мүмкін. Ақордада Шұғыл әрекет ету штабының кеңесін өткізген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құзырлы органдарға осы мәселені пысықтауды әрі жұмыс берушілерге түсіндіруді тапсырды. Айта кетейін, 16 наурыздан бастап оқушылар көктепгі каникулға кетіп, студенттер қашықтан оқытыла бастайды. Ал, балабақшалар қалыпты режимже жұмыс істей береді. Дегенмен, Білім саласының басшылары ата-аналарға мүмкіндік болса балаларды мектепке дейінгі мекемелерге де жібермеуге кеңес беруде. Бұған қатысты еліміздің бас дәрігері өз пікірін білдірді. Елжан Біртановтың айтуынша, бұл міндетті шара емес. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing