ЖАҢА МАУСЫМ! ЖАҢА ПОДКАСТ! ⠀ Бүгінгі жаһандану заманында егемендікке еге болып, еліміз оң бағытта даму алған бетте асыл дінімізді ұлтымыздан бөліп, түбі терең тарихымыздың тамырына балта шаппақ ниеттің қоғам ішіне іріткі салып жатқаны жасырын емес. «Біз ең алдымен қазақпыз!» деп дәстүрлі дінімізді, мұсылманшылықты жатсынады. ⠀ Біз қазақпыз ба, әлде мұсылманбыз ба? Мұсылман болсақ, қашаннан мұсылманбыз? Бізге Ислам діні қашан келді? Мінеки, осы тектес сұрақтар қоғамдағы түйткілді мәселелерге айналды. ⠀ MIHRAB PODCAST жобасы екінші маусымда аталған сұрақтардың ақиқатын анықтау үшін қонаққа тарихшы, дінтанушы @abzalulyernar Ернар Абзалов пен Алматы қаласындағы «Таугүл-3» мешітінің бас имамы, исламтанушы @yernarmazhen1 Ернар Маженді шақырған еді. ⠀ MIHRAB PODCAST жобасының ЖАҢА МАУСЫМЫНДАҒЫ алғашқы түсірілімін жұма күні кешке YouTube арнамыздан көре аласыздар. 0:00 Анонс 2:23 Жаңа маусым! 3:20 Қонақтарды таныстыру 5:00 Қазақ даласына Ислам діні қашан келді? 7:56 Түркі қолбасшылар 8:43 Түркі Ислам тарихының бастауы 10:06 Омар халифаның тұсындағы түркілер 12:42 Түркі тарихын өзгерткен соғыс 13:15 Таң империясы 16:19 Неге Ислам діні араб жазирасына түсті? 19:07 Араб тілі 22:02 Мантия — сәлде 22:35 Араб жұрты мен түркі жұртының қарым-қатынасы 26:33 Қазақ даласында Ислам дінінің таралу хронологиясы 32:01 Алтын Орданың Ислам дінін жариялауы 34:15 Қазақ хандығындағы Ислам діні 37:55 Исламға дейін түркілер қандай дін ұстанған? 38:52 Тәңіршілдік 42:55 Ориентализмнің түпкі мақсаты 43:56 Ислам тарихы ғылымы 45:13 Ислам діні өзгеріп тұра ма? 50:58 Ливанды крестшілер жорығынан азат еткен түркілер 52:12 Ғазнауилер 55:05 Ислам дінінің синонимі 57:27 Қазақ әлімсақтан бері мұсылман 59:05 Дүмше молдалар — қазақ елін отарлаудың жүйелі жұмысы 1:07:25 Қазақта қандай есім көп? 1:08:25 Фольклортанушылар — отарлау саясатының үлгісі 1:10:28 Арабқұл атауы қайдан шыққан? 1:13:14 Түркияның дінге қарсылығы 1:14:40 Екі түрлі стандарт орынсыз 1:18:04 Абай дәуіріндегі діни терминдер 1:19:00 Неотәңіршілдер — атеисттер 1:20:08 Қазақтың тұлғалық Ислам тарихы 1:22:28 Жеті шелпек 1:24:32 Қазақ халқының философиясы 1:25:41 “Бабалар сөзіндегі” діни дастандар 1:27:50 Бұқар жырау Бұхарада білім алған 1:31:12 Сөз соңы Ислам ақпараттық ағарту порталы Instagram: Telegram: TikTok:
Hide player controls
Hide resume playing