Қаланы қардан тазарту жұмыстарына 10 жауапты кәсіпорын шықты. Сағат кешкі 8-ден бастап, ауыр техника Петропавлдың әр учаскесін қамтуға тырысты. Барлығы жұмыстарға 135 мамандандырылған көлік тартылды. Кешкі уақытта жұмысты жүргізудің себебі де бар. Бұл уақытта көлік қозғалысы техникаға кедергі болмайды. Жолдармен қатар, жаяу жүргіншілер өтетін аумақтар да тазалау жұмыстарынан шет қалмады. Айта кету керек, тиісті шараларға 8,4 мың текше құм-тұз қоспасы әзірленген. Тәулігіне аялдама маңдары мен жаяу жүргіншілер жолдарына бұл материалдың 70 текшесі қолданылады. Сондай-ақ, асфальт және тратуарларды мұз жамылғысынан сақтап қалу үшін «Ледоруб-Эко» және «Ледоруб-Н» реагенттері қарастырылған. Қыс әлі біткен жоқ. Ол дегеніміз қардан тазарту жұмыстары әлі жалғасады.
Hide player controls
Hide resume playing