Тағы да антирекорд. Соңғы тәулікте 90 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды. 6 637 тұрғынның ПТР талдауы оң нәтиже көрсеткен. Осылайша, елдегі вирустық ахуал күн өткен сайын өршіп барады. Бір ғана Нұр-Сұлтан қаласында жансақтау бөлімдері 84 процентке толған. Бұл туралы шаһардың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Індеттің қайта дендеп жатқанына көз жеткізу үшін мамандар тіпті ауа жетпей, қиналып жатқан науқастардың видеоларын жұртқа көрсетті. Все новости Первого канала “Евразия“ теперь и в Telegram: Подписывайтесь! Наш сайт - Vkontakte - Facebook - Twitter - @1tvkz – – instagram - Qoslike -
Hide player controls
Hide resume playing