Шымкент әкімдігінің ашық есік шарасы қала басшысының нағыз бас ауруына айналды. Күні бойы әкімнің қабылдауында боламыз деп үміттенген бір топ әйел Ерлан Айтахановтың алдына кіре алмай пұшайман болды. Күн ұзаққа текке отырғанына ызаланған 20 шақты әйел ғимараттан шығудан бас тартып, әкімдік ішінде қонып шыққан. Баспана мәселесімен келіп, тәулік бойы есік күзеткендердің жанайқайын Бек Әбиев тыңдап келді. ▶▶▶ Арнаға жазылыңыз:
Hide player controls
Hide resume playing