Жапонияның Нарита қаласында самбодан ересектер арасында әлем чемпионаты мәреге жетті. Байрақты бәсекеде оңтүстіктің екі бірдей спортшысы әлем чемпионы атанды. Халықаралық самбо федерациясының мәліметіне қарағанда, жарыстың соңғы күні тоғыз салмақ дәрежесі бойынша медальдар сарапқа салынған. Ақтық бәсекеде 68 келіде төлебилік Арман Оспанов чемпион мінбесіне көтерілсе, қыздар арасында жерлесіміз Гауһар Тұрмаханова 52 келі салмақта алтыннан алқа тақты.
Hide player controls
Hide resume playing