Ерте заманда қара ниетті Шегірдің кесірінен жер астындағы абжылан оянып, жер бетіне шығады. Абжылан қазақ ауылын отқа орап, қарсы келгенді жалмап, ел ішіне үрей туғызады. Сол сәтте балапанына қауіп төнгенін сезген ана бүркіт абжыланмен айқасып,оны жер астындағы мекеніне қуып тығады. Ал бүркіт отқа оранған ұядан балапанын алып, алысқа ұшып кетеді. Адам жұтып дәніккен абжылан күн тұтылғанда алып айдаһарға айналып жер бетіне шығатынын білген ауыл адамдары, айдаһарды тек қыран бүркіт қана жеңе алатынын түсініп іздеуге аттанады.Бітімі бөлек қас қыран - Мұзбалақты Ақтай мен Шегір іздеп табады.Бірақ тоғышар Шегір мен ақылды, ақ жүрек Ақтай арасында қыранды баптау туралы екі түрлі көзқарас туындайды
Hide player controls
Hide resume playing