Партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Астананың бірнеше нысанын аралап, нәзік жандыларға сый-сияпат жасады. Қыз-келіншектерді құттықтау №1 қалалық ауруханадан басталды. Мұнда 1100-ден аса қызметкер жұмыс істейді, жартысынан көбі – әйел. Антына адал олар күні-түні адам өміріне араша түседі. Елордадағы мамандандырылған балалар үйінің тәрбиешілері де мереке күні демалыссыз жұмыс істейді. «Нұротандықтар» олардың осы маңызды еңбегі үшін алғыс білдіріп, сый-құрмет көрсетті.
Hide player controls
Hide resume playing