Фильмнің бас кейіпкері тек өзі үшін ғана өмір сүріп үйренген. Оның болашақ жоспарларында - карьера мен атақ абырой ғана, отбасы, бала секілді өмірлік құндылықтарға орын жоқ. Оның тіпті жанына ертіп жүретін, қамқорлық көрсететін үй жануары да жоқ. Тек қара басының қамы үшін жүрген жан. Фитнес- клубта жаттықтырушы болып жұмыс жасайтын ол, өзінің әріптесімен бірге би жарысына қатысу үшін дайындалуда. Мақсаты тек жеңіске жету, атақты болу... Бірақ, оның бұл өміріне шақырусыз бір қонақ келеді. Алғашында барлығымызға кішкентайдан белгілі “Тамагочи“ ойыншығы ретінде, сағат сайын тамақтандыруды, әңгімелесуді, өзіне көңіл бөлуді қалап отыратын мазасыз ойыншық. Бірде үйіне келген ол бейтаныс жас жігітті көреді, өзін тірілген “Тамагочимін“ деп таныстырады. Бұл фильм көрерменге көбіміздің ұмыт қалдырған дүниелерімізді еске түсіреді. Яғни, жаныңдағы жақын жандарға қамқор болу, өмірдің басты құндылықтароын әсте ұмытпау. Шырғалаң өмірдің күнделікті шырмауынан босап, нағыз еркіндікке ұмтылу.
Hide player controls
Hide resume playing