✅Барлық жан-жануарды жаратып, оларға бүйрек үлестіргенде қашанғы сол жай басарлығымен кешігіп келген сиырға жетпей қалыпты. Ол бұл жалғанда енді бүйрексіз қайтіп күн көрем деп, азан-қазан болып өкіріп жылапты. Сиыр сорлының көз жасын көрген жануарлар қабырғалары қайысып, оның көңілін аулаудан бөтен көмек көрсете алмайды. Ең соңында сиыр оларға бүйрек алып бүйірлерің шығып тұрған жансыңдар ғой, тым болмаса құр қалған туыстарыңа берер жылуларың жоқ па дейді. Оның бұл сөзін жөн көрген жылқы, түйе, қой т.б. жануарлардың әрқайсысы сиырға бір жапырақтан бүйрек жиып беріпті. Сонымен сиырдың бүйрегі басқа жануарлардың бүйректерінен бөлек бұжыр-бұжыр, қырық құрау бүйрек екен. Сиырдың қилы-қилы мінездері осы қырық қиқымнан құралған без бүйрегінің белгісі деп аңыз етеді Теңеу: Сиырдың бүйрегіндей бытырады – бет-бетіне жан-жаққа тарап кетті, басы қосылмады, берекесі кетті. #сиыр #сиырдыңқиссасы #жанжануарлар #табиғат #қисса #құндылық #тәрбие #өнеге #аманат #аңыз #әңгіме #хикаят #қазақтілі #хикмет #руханият #руханипортал #бабаларсөзі #отбасыхрестоматиясы #санжаркерімбай
Hide player controls
Hide resume playing