Myvideo

Guest

Login

Жатахалы аруым!!!

Uploaded By: Myvideo
49 views
0
0 votes
0

Жан жадырап, құшағын жайғанда кең, Кеудеме кеп тығылды, қайран өлең! Жалғыздықтың-бақыт бола алмасын, Ұғындырдың, өзің келіп маған сен! Ұғындырдың бір сәтте өзің келіп, Мен де кете барыппын, сезімге еріп! “Енді ғашық болмаспын” деп жүргенде, Ғашық қылдың бір ғажап сезім беріп! Ғаламат сезіммен ғашық қылдың, Сен дегенде бақыттан тасып тұрдым. Қыз-қылаңға салғанда Ұлықбекті, Жатақхана үйіңе асық қылдың! Мен бейхабар емес ем, сол ойыңнан, От шығып кетті бәлкім сол ойыннан! Арман-арудың шіркін әрбір қылықтары, Ойламадым, табылар деп сенің бойыңнан! Бойыңа тәтті қылық қонақтаған, Ғашықтық, тыным бермей сол-ақ маған! Таңдарды талай бірге атқызсақ та, Тауыса алмай, мен өзіңе сыр ақтарам!

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later