Балқашта 14 жастағы өрімдей жас қызды орталық саябақта әлдекім бірнеше жерінен пышақтап кеткен. Оқушының қанға боялған денесін сол маңда өтіп бара жатқандар байқап қалып, құзырлы органдарға хабар берген. Қала мектептерінің бірінде 8-сыныпта оқыған бойжеткен ауруханаға барар жолда көз жұмды. Қарағанды облыстық прокуратурасының мәлімдеуінше, қызды өлтірген күдікті 19 жастағы бозбала екені анықталып, қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша қыз баланың денесіне 11 рет пышақ сұғылған. Кейбір дерек көздері күдікті мен марқұмның бір-бірімен бұрыннан таныс болғанын растайды.
Hide player controls
Hide resume playing