Қазақтар қыр асуда. Биыл жыл басынан бері 9 айда 21 мың адам шетелге көшсе, былтыр 43000 адам буынып-түйініп елден кеткен. Оның жартысынан астамы, дәлірек 52 проценті орыстар. Екінші орында украин мен неміс ұлтының өкілдері. Әрине, олардың тарихи отандарына қоныс аударуы заңдылық. Ал осылардан кейінгі орында қазақтар тұр. 37 пайыз. Шетелге көшіп кеткен сол 37 пайыздың басым бөлігі 25 пен 37 жас аралығындағы жастар екен. Яғни адам жүрген жер ақша. Бұл дегеніңіз Қазақстаннан қыруар қаражат қыр асып жатыр деген сөз. Мысалы, мемлекет оны оқытады, тоқытады, бала-бақшадан бастап, мектеп, университетте білім береді. Ал сол талай жылғы инвестицияны қайтаратын уақыт келгенде көшеді де кетеді. Алмақтың салмағы бар екенін біле тұра өзге елдің экономикасына жұмыс істейді. Әрине бұл көштің объективті себептері де бар. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing