Myvideo

Guest

Login

Семейде аут иыбайды Бейуаыт атты кітабыны таныстырылымы тті.

Uploaded By: Myvideo
90 views
0
0 votes
0

Жаңа кітап қалың оқырманға жол тартты. Семейде жазушы, «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің 2013-жылғы жеңімпазы Қаут Қиықбайдың «Бейуақыт» атты еңбегінің таныстырылымы өтті. Баспа өнімі 5500 данамен жарық көрді. Әдеби кешке өңірге белгілі қаламгерлер, тарихшылар, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысты. Шара барысында кітап мазмұнына шолу жасалып, «Энтузиаст» жасөспірімдер театры Қуат Қиықбайдың «Қалада жүрген қар қызы», «Орал», «Тоты құс» әңгімелері желісімен шағын қойылымдарды сахналады. «Бейуақыт» кітабына Қабдеш Жұмаділов, Несіпбек Дәуітайұлы, Асқар Алтай сынды қазақтың маңдай алды қаламгерлерінің талдауы мен таңдауынан өткен прозалық әңгімелер еніп отыр. Айта кетерлігі, жерлесіміздің алғашқы көлемді туындысы «Көктемдегі көлеңке» деп аталады. Оны прозашы студент кезінде жазған. Кезекті «Бейуақыт» кітабының басылуына еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетіп, туынды мемлекеттік тапсырыс аясында жарық көрді.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later