Қазақ телевизиясы ашылған кезде хабарлар телемұнаралар арқылы таратылды Мұнара қаншалықты биік болса, хабар соншалықты алысқа жетті. Ал, өткен ғасырдың 70-жылдары еліміздің бар аумағын телекөрсетілімдермен қамтамасыз ету үшін биік-биік мұнаралар салына бастады. Солардың бірі - Алматыдағы Көктөбенің көрікті аумағындағы әлемдегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан телемұнара. Ол қазір тек хабар тарататын орын емес, алып қаланың символына айналды. Тілшіміз Амангелді Сейітхан телемұнаралардың тарихы мен сол кездегі хабар тарату ісінің қалай жүргізілгендігін шолып шықты. #Ақпарат #ҚазақТелевизиясына60Жыл #Мұнара #Qazaqstan #qaztrk #ҰлттықАрна #qaztv
Hide player controls
Hide resume playing