Қаржыландырылған жобалардың басым бөлігі Мақтарал ауданында шоғырланған. Аталмыш ауданға 900 млн. теңге бағытталып, 427 жоба қаржыландырылған. Айта кету керек, компания өзінің бірнеше артықшылықтарымен ерекшеленіп келеді. «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығындағы пайыздық мөлшерлеме 7-8 пайыз яғни төмен болуымен бірге несиені рәсімдеу барысында қосымша төлемдер, комиссиялар алынбайды. Несиені өтеу кестесі әр кәсіпкер үшін жеке қарастырылып, икемді түрде жасалып беріледі. Ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлік, саман үйлер де нарықтық бағамен бағаланып кепілге алынады. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында әр аудан орталықтарында еншілес ұйымның өкілдері жұмыс жасайды.
Hide player controls
Hide resume playing