Fb, инстаграм, ватсап бірнеше сағат істемей қалса адамдар кәдімгідей мазасызданып кетеді. Егер сол адамдардың бірі сияқты сен де мазасызданатын болсаң, онда сенің проблемаң бар. Неге өміріңді қиындатасың? Біреумен ватсаппен сөйлесе алмасаң, біреудің профильдегі фотоны көре алмасаң, біреудің кешкі асқа не жегенің фэйсбуктан көре алмасаң, трендтағы киімдерді, әдемі орындарды көре алмасаң мазасыздану керек пе? Бұл нәрселер сені жіпсіз байлап, зиянға ұшыратуда. Сенің өміріңдегі ең маңызды затты, уақытыңды қалай жұмсап жатырсың? Уақытың қайда кетіп жатыр? Ахиретке дайындығың қалай? Өлімің жақындауда, бауырым! Өмір - көзді ашып жұмғанша өтеді! Ахирет амалдары маңызды ма? Әлде шеті мен шегі жоқ видеоларды бірінен кейін бірін қарау маңызды ма? «Фэйсбук, ютуб, инстаграм, тикток» егер осы нәрселер сен үшін маңызды болса, онда сенің проблемаң болғаны. Бұл платформалардың алгоритмдері жасанды интелектке негізделген. Олар саған сені қатты қызықтыратын видеоларды ұсынады. Олардың бәрін көріп біту мүмкін емес!
Hide player controls
Hide resume playing