Күні кеше ТМД елдері арасында мәдени астана атанған Шымкент қаласында шешілмеген мәселелер жетіп артылады. Үшінші мегополистің дәл түбіндегі 156 орам елді мекені соңғы бес жылдан бері жол, ауыз су мен электр жарығына жарымай отыр. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, жауынды күндері көшеге шыға алмай, шыққан күннің өзінде көліктер батпаққа батып, жүре алмай қалады екен. Соның салдарынан автобус түгілі, жедел жәрдемнің өзі келмейтін көрінеді. Жығылғанға жұдырық демекші, бес күннен бері мұнда жарық жоқ. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing