2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы өзгеріске ұшырады. Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы 5 пәннен тұрады: 3 міндетті пән және таңдаған мамандыққа байланысты 2 бейіндік пән: 1) Математикалық сауаттылық – 20 тапсырма; 2) Оқу сауаттылығы – 20 тапсырма; 3) Қазақстан тарихы – 20 тапсырма; 4) 2 бейіндік пән – 30 тапсырмадан. Оның алғашқы 20 сұрағына бес жауап нұсқасы берілген, ол бес жауап нұсқасының біреуі ғана дұрыс. Сәйкесінше әр дұрыс жауап 1 балл. Ал қалған 10 сұраққа сегіз жауап нұсқасы беріледі: сегіз жауап нұсқасында бір, екі немесе үш дұрыс жауап болуы мүмкін. Бұл талапкердің аталған пәнді қаншалықты жақсы меңгергенін тексеру тәсілі. «Алтын белгі» иелері, ғылыми жобалардың, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҰБТ-ны жалпыға ортақ тәртіпте тапсырады. Сонымен қатар, халықаралық олимпиада мен ғылыми жобалардың 2014, 2015, 2016 жылдары бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдарымен марапатталған жеңімпаздар 2017 жылы ҰБТ тапсырудан босатыла
Hide player controls
Hide resume playing