Myvideo

Guest

Login

Кек

Uploaded By: Myvideo
1,112 views
0
0 votes
0

«КЕК» — Әбіш Кекілбаевтың “Күйші“ повестінің желісі бойынша түсірілген фильм. Бұл туындыда алғаш рет мәңгүрт тақырыбы мен философтар мен қаламгерлердің туындыларына арқау болып, қазіргі қоғамның мағыналы ортасына сіңіп кеткен мәңгүрттену тақырыбы қозғалады. «КЕК» фильмі Маңғыстау жерін ежелден мекендеп келген екі тайпаның ждаумиттер мен адайлардың арасындағы дұшпандықты баяндайды. Екі тайпаның бір- біріне деген өшпес қастандықтары, ақылға алдырмас ашуға толы ызасы мен өлімге дейін апарар кек пен өшпенділік оқиғасы. Туынды қайғылы драма болса да, фильм идеясында Маңғыстау жерінің әсем табиғаты мен ақсарбас тауларын, тұнық көлдерін, адамдарының нұрлы жүздерін, ерлерінің батылдығы мен ержүректілігін, әйелдерінің сұлулығымен ақылдылығын, махаббатқа адал, берік екендігін, ашу мен кек мәселесінде бой алдырмас қаталдықтарын баяндайды. Екі тайпа арасындағы атам заманнан келе жатқан жаугершіліктің кесірінен қосыла алмай өлім құшқан екі ғашықтың хикаясы.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later