Енді елімізде коронавирус жұқтырғандар симптомды және симптомсыз деп бөлінбейді. Бойынан инфекция табылғандардың бәрі ортақ бір тізімге тіркеледі. Еліміздің эпидемиологиялық ахуалы көрсетілген ресми сайтта осындай жаңа деректер жарияланды. Осылайша, науқастар мен ауру белгілері жоқтар бір тізімге біріктіріліп, COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 41 мыңнан асты. 14 мыңға жуық адам құлан-таза жазылып шыққан. Қауіпті кеселден 188 отандасымыз бақилық болды. Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирусты 249 бала жұқтырғанын хабарлады. Пандемия басталғалы 1085 жүкті әйелден COVID-19 вирусы табылып, 21 шақалақ инфекциямен туған. Сәтін салғанда бәрі де жазылып шығыпты. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing